Ұлттық қорғаныс университетінің атауы өзгертілмек

13 Желтоқсан 2023, 07:36 1140

Қорғаныс министрлігі «Жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 5 шілдедегі № 648 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Президент Жарлығының жобасын дайындады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аталған нормативтік құқықтық акт «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан балаларға арналған қаражатты есептеу, төлеу және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының 1-бабының 16-тармағына сәйкес әзірленді.

Бұл өзгеріс Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің атауын Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті деп өзгертуге байланысты енгізілуде.

Президент Жарлығы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 27 желтоқсанына дейін https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14846018  сілтеме бойынша танысуға болады. 

Берік Арманов
Бөлісу: