Ұлттық қорғаныс университетінде Корея Республикасының Елшісі дәріс оқыды

Бүгiн, 04:37 118

Астанада Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің профессор-оқытушылар құрамы мен магистранттарының Корея Республикасы дипломатиялық ведомствосының өкілдерімен кездесуі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Делегация құрамында Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжо Тэ-ик және әскери атташе өкілдері бар. Келіссөздер барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков шетелдік қонақтарға оқу-материалдық база, ЖОО бағдарламалары және білім беру мекемесінің ғылыми-зерттеу қызметінің бағыттары жайлы баяндады.

Корея Республикасының Елшісі Чжо Тэ-ик университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен магистранттарына Корей түбегі мен Солтүстік-Шығыс Азияның қауіпсіздігі тақырыбында дәріс оқыды.

Іс-шара екі елдің қорғаныс ведомстволары арасындағы 2024 жылға арналған ынтымақтастық жоспарына сәйкес өтті.

Зарина Арман
Бөлісу: