"Ұлттық қор – балаларға" жобасы ресми түрде басталды

1 Қаңтар, 20:18 961

1 қаңтардан бастап "Ұлттық қор – балаларға" жобасы басталады, алғашқы төлем ақпан айында түседі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алғашқы төлемдер 2024 жылы 18 жасқа толатын балаларға беріле бастайды, яғни олар "Ұлттық қор – балаларға" жобасы аясындағы мақсатты жинақтарды бірінші болып алады. 2024 жылы 18 жасқа толатын балалар шамамен 160-170 доллар алады. Ал 2023 жылы туғандар кәмелеттік жасқа толғанда 3,5-4 мың АҚШ доллары көлемінде қаражат ала алады.

Ресми деректер бойынша елімізде 18 жасқа дейінгі балалардың жалпы саны шамамен 6,7 миллион адамды құрап отыр.

 Ұлттық қор қаражатын білім алуға және тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған нақты екі мақсатта пайдалану ұсынылады. Білім алу бағыты бойынша – қаражатты жоғары оқу орындарының ақысын төлеуге немесе мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне аударуға мүмкіндік беріледі. Шетелдік оқу орнында оқу ақысын төлеуге қаражатты пайдалану шектелмейді. Сондай-ақ бұл қаражатты бастапқы жарна, ипотекалық қарыздар бойынша төлем ретінде аударуына мүмкіндік беріледі. 18 жасқа толған кезде жинақталған қаражат баланың айрықша меншігі болады, өзі ашқан уәкілетті операторлардағы шоттарға жіберіледі. Онымен қоса алушылар ретінде заңды өкілдер мен мұрагерлер де бола алады.

Бала 18 жасқа толғаннан кейін шоттағы қаражат 10 жыл бойы сақталатын құқық беріледі. Шоттағы қаражат 10 жыл ішінде талап етілмеген жағдайда, сол адамның зейнетақы шотына аудару мүмкіндігі бар.

Перизат Саденова
Бөлісу: