«Ұлттық қор - балаларға»: Ақша алатын балалардың тізімі дайын

16 Қаңтар, 17:29 9961

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ «Ұлттық қор - балаларға» жобасы бойынша қаражат алатын балалардың тізімін дайындады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

БЖЗҚ жобасының операторы «Ұлттық қор - балаларға» жобасы бойынша алғашқы трансферттерді алатын қазақстандықтардың тізімін әзірледі, 2024 жылы 18 жасқа толатындарды қосқанда 7 миллионға жуық бала ақша алады. Тізім тексеріліп жатыр, - делінген қор хабарламасында.

Қор «Ұлттық қор - балаларға» жобасы бойынша алғашқы төлемдер биыл ақпан айында жүзеге асырылатынын хабарлады.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: