Ұлттық өнерді ұлықтаған шебер

22 Наурыз 2023, 16:25 5490

Қостанай қаласында сандық, ыдыс-аяқ секілді тұрмыста кезігетін бұйымдар мен ұлттық аспаптарды жасайтын оң саусағынан өнер тамған қолөнер шебері Мұхаметқали Рахалиев тұрады. Оның қолынан шыққан домбыра, қобыздар сахналарда қолданылса, күбі, сандық секілді бұйымдарын ел тұрмыста қолданады. El.kz тілшісі Наурыз мейрамы қарсаңында шебермен әңгімелесті.

- Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Наурыз мейрамын жыл сайын қалай атап өтесіз? Қостанайда бұл мейрам қалай тойланады?

Жыл сайын Наурызда көшеге шығамыз. Қаланың қақ орталығында киіз үйлер тігіледі. Түрлі ойын сауық ұйымдастырылады. Көрмелер болады. Сол көрмеге қолөнерші ретінде өзім де қатысамын. Жылда қатысып отырамын. Істеген заттарымды қала тұрғындары мен қонақтарына ұсынамын.Көшеде халық нөпірі көп болады. Жұрт өлең, концерт тындайды. Спортты қойындар өткізіледі.Көптен жүздеспеген туған-туыс, достармен осы мерекеде кездесіп жатамыз. Жиылған қауым бір-бірімен қауқылдасып, қалжыңдасып жатады. Мейрам осынысымен де қадірлі. Жалпы айтқанда жақсы тойланады.

- Сіздің мүсіндеріңіз Қостанай облысының әр-жерінде кезігеді. Әсіресе, Алаш арысы Міржақып Дулатұлының туған жеріне қойылған бюсті жақсы шыққан. Осы жөнінде айта отырсаңыз.

Кейінгі11-12 жылдың ішінде 50 шақты мүсін жасадым.Әр ауданда, әр қалада қойылған ескерткіштерімнің бәрін қазақы стильде жасауға тырысамын. Менің ұстанымым сол – қазақы дүниелер жасау.Туған жеріме Міржақып Дулатұлы атамыздың ескерткішін қойдым.Өзіміз оқушы кезде білім алған мектептің алдында тұр. Бүгінде сол ескерткіштің жанында оқушылардың іс-шаралары жиі өтеді. Мектеп түлектеріне дейін сол маңға келіп, суретке түсіп жатады.Бұдан бөлек, балалардың өз ауылдарынан шыққан алып тұлғаға еліктеп өскенін қаладым. Мектеп табалдырығын аттаған балғындар өмірлеріндегі елеулі кезеңді осы ескерткіштің жанында өткізсе деген ой болды. Ұзақ жылдар бойы өздері оқыған білім ордасын ұмытпаса, елдің елеулі тұлғаларын ұлықтаса деген ниет те жоқ емес.2000 жылдары ең алғаш жасаған мүсінім Қостанай қаласында орналасқан. Атауы қала атауына негізделген.Мұнда аңызға арқау болған екі қыздың кескіні бейнеленген. Сол жылдары қаланың атауының шығу тарихына байланысты өзге ұлт өкілдері тарапынан түрлі нұсқалар айтыла бастаған еді. Содан қала атауының тарихын тексеріп,мақала жазып,өзімше дәлелдеуге мен де атсалыстым. Әкімдік өкілдеріне қазақтың екі қызының батыр болғанын, олар жайлы Асан Қайғы атамыз жырлағанын мысалға келтірдім. Қаланың 1893 жылдарға дейін Қостанай аталып келгенін дәлелдеп,екі қыздың ескерткішін ұсындым.Осылайша, өлкемізде болған екі қыз жайлы аңыздың желісімен екі аруды тарихи тұлға етіп қалдырдым.Былтыр әкімдік ескерткішті мыстан қайта жасағылары келетінін айтып, менен рұқсат сұрады. Егер қазақы нақышын жоғалтпай жасаса рұқсат ететінімді айттым.Олар сол айқайта жасады.

- Қай жерден тәлім алдыңыз? Бұл өнермен қай кезден бері шұғылданып келесіз?

Әскери борышымды өтеп келген соң Алматының (қазіргі атауы, жаңылмасам) Орал Тансықбаев атындағы колледж, бұрынғы Николай Василивич Гоголь атындағы Көркем-сурет училищесінде төрт жылдық білім алып шықтым. Кейіннен қазіргі Қостанай өңірлік университетіне оқуға түсіп белгілі себептермен аяқтай алмай қалдым. Содан кейін 2015 жылы Арқалық қаласында суретші мамандығына тапсырып 2018 жылы ойдағыдай аяқтап шықтым. Мен мүсіншіліктен басқа қолөнермен айналысамын. Бұл кәсіпті бастағаныма қырық жыл болды. Алғашқы бұйымдарым ағаштан жасалған сандық, ыдыс-аяқтар мен түрлі ойыншықтар болды. 1999 жылдан бері домбыра жасауды қолға  алдым. Одан кейін басқа да аспаптарды жасай бастадым. Қобыз жасаймын.Бұдан бөлек отыз жылдай карикатура жанрымен де айналысамын. Туындыларым облыстық газеттерге жиі шығып тұрады. «Жасалашқа» шыққандары да болды. 

- Қазір неменайналысыпжүрсіз? Шығармашылығыңызда не жаңалық бар?

Екі жылдың жүзі болды Ыбырай Алтынсарин атындағы музейде суретші-реставратор болып жұмыс істеп жүрмін. Шеген бидің, Ыбырай атамыздың жары Айғаныстың суреттерін қалпына келтірдім. Ал Балғожабидің суретін көзкөргендердіңсипаттаған жазбаларына, тарихи деректерде кездескен суреттеулерге қарап салып шықтым. Ол портрет былтыр «Егемен Қазақстан» газетінде басылды. Содан кейін көп өтпей аталған тұлғаның өз фотосы табылды. Бір қызығы,менің ойша, сипаттамаларға сүйеніп салған суретім шынайы фотоға ұқсас болып шыққан. Солкездебіразкісіхабарласып, ризашылықтарын білдіргенеді. Бұйырса, Сәуле есімді қарындасымыздың бастамасымен өңірімізде қолөнер орталығы ашылады. Жақында обылс әкімінің қабылдауында болдық. Сонда ол кісі жобамызды құпалды. Қазір орын қарастырылуда. Ол жерде қолөнердің 10-15 түр іүйретіледі. Онда ұлттық киімдер, көрпе-төсек, домбыра мен қобызжасаусекілдіөзге де жұмыстаржасалады. Талапшылжастарғадәрісбереміз. Сондай-ақ тәжірибеден өткіземіз. Кейін сонда істелген бұйымдар, сол жерде сатылымға қойылады. Әрі шетелдік меймандар бас сұғатын орталық болады. Осындай үлкен жаңалық болғалы жатыр. Былтыр Жангелдин ауданында бой кетерген Ахаң мен Жахаң ескерткішінің салынуына себепкер болғанымды да айта кеткім келіпотыр.

Жанболат Кенжеғұл
Бөлісу: