Ұлттық музейде британдық мүсінші көрмесінің ашылу рәсімі өтті

19 Қыркүйек, 04:20 501

Ұлттық музейдің 10 жылдығына орай британдық мүсінші Юнус Сафардиардың «Екінші өрлеу» атты көрмесінің ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Аталған іс-шара Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтіп отыр.

Шебердің көрмелері мен аукциондык сатылымдары 1986 жылдан бастап өткізіліп келеді. Мүсіншінің жұмыстары Санкт-Петербург, Нью-Йорк, Флорида, Лондон және әлемнің басқа да музейлері мен жеке коллекцияларда сақтаулы.

Айта кетсек, көрме 2024 жылдың 17 қарашасына дейін жалғасады.

Зарина Арман
Бөлісу: