Қазақстандық кәсіпкер Кеңес Рақышев пен оның жұбайы, Иманғали Тасмағамбетовтің қызы Әсел екеуінің ұлттық нақышта киініп түскен суреті көпшіліктің оң бағасын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Рақышевтің жарымен бірге Атырауға барып, отандық дизайнердің шапанын киіп түскен суретін кәсіпкер Арман Тұғаев өз парақшасында жариялады.
Соңғы кездері қоғамда қазақ халқының ұлттық киімдерін дәріптеу тренді бұқаралық деңгейге шығып келе жатқаны қуантады. Бүгін Атырауға жұбайымен бірге Кеңес ағамыз келді. Көптің алдында қазақтың керемет оюлы шапанын киіп жүргендеріне риза болып отырмыз, - деп жазды кәсіпкер.
Посмотреть эту публикацию в Instagram