Ұлттық экономика вице-министрінің бренд көзілдірігі қанша тұрады?

29 Ақпан, 12:35 1173

Сенат кулуарында ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов көзілдірігінің қанша тұратынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тимур Жақсылықов танымал бренд Chopard-тың көзілдірігін тағады.

Сіздерге нақты айта алмаймын. Менің ойымша, 80-90 мың теңге тұрады. Сіздер оны тағып жүргеніме қанша уақыт өткенін білесіздер ме, 10 жыл. Ол кездің курсы басқаша болды, - деп жауап берді вице-министр.

Айта кетейік, бұған дейін Тимур Жақсылықов еліміздегі уақыт белдеуінің ауысуы бизнеске қалай әсер ететінін айтқан болатын.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: