Ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеров қамауға алынды

12 Сәуір 2023, 17:53 874

Ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеров екі айға үйқамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық сотына сілтеме жасап.

«10 сәуірде Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен күдікті І. Өсеровке қатысты 2 ай мерзімге үй қамағына алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы Алматы қаласы прокурорының орынбасары келіскен өтініш келіп түсті», - делінген хабарламада.

Ілияс Өсеров 2023 жылдың 10 маусымына дейін екі айға қамауға алынды.

Айта кетейік, Ілияс Өсеров 2019 жылғы мамырдан 2022 жылғы наурызға дейін Алматы әкімінің орынбасары болып қызмет етті. Содан кейін 2022 жылғы наурызда Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалған еді. Бұған дейін Ұлттық экономика министрлігі вице-министр Ілияс Өсеровтің қамалғаны жайлы ақпаратты тексеріп жатқанын хабарлаған еді.

EL.KZ
Бөлісу: