Ұлттық экономика министрі теңгенің келешегіне болжам жасады

15 Қараша 2023, 10:39 1758

Баспасөз мәслихатында ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров алдағы уақытта теңгенің келешегі қандай болатынын болжады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

30 жыл бұрын еліміздің ұлттық валютасы қолданысқа енгізілген болатын.

Болжам бойынша ұлттық валютаның құнын біз үш жылдық бюджетте оны 460 теңге деңгейінде анықтадық. Теңгенің құны тұрақты болады деп болжаймыз. Геосаяси жағдай болғанда, біз бюджетті нақтыладық. Себебі макроэкономикалық сыртқы факторлар бізге әсер етті. Сол себепті бюджетке тиісті өзгерістер енгіздік. Содан кейін әлеуметтік-экономикалық даму бойынша 5 жылға арналған болжамға тиісті «корректировка» жасадық, – деді Әлібек Қуантыров.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: