Ұлттық домбыра күніне орай 200-ден астам іс-шара өтті

8 Шілде, 06:31 810

Мереке күндері Қазақстанның әр өңірінде Ұлттық домбыра күніне арналған түрлі мәдени іс-шаралар өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жыл сайын ұлттық аспапқа деген қызығушылық артып келеді. Мәселен, Ақмола облысында «Домбыра, жүрегіммен үндес едің...» атты мерекелік концерт өтті. Оңтүстік астананың қонақтары мен тұрғындары «Домбыра – асыл қазына» көшпелі көрмесін тамашалады. Көрмеде Абай Құнанбаев, Дина Нұрпейісова, Жамбыл Жабаев, Махамбет Өтемісұлы және т.б. көрнекті тұлғалар домбырасының көшірмелері ұсынылды.

Жамбыл облысында «Нағыз қазақ қазақ емес нағыз қазақ – домбыра» атты мәдени іс-шаралар мен мерекелік концерттер өтті. Қазақстанның шығысында «Әнші қала» байқауы басталып, тақырыптық жәрмеңкелер ұсынылды.

Маңғыстау облысында «Күмбірле, қоңыр домбыра» гала-концерті өтті, сондай-ақ мәдениет қайраткерлер қатысқан дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Қостанай облысында да «Күмбірле,қоңыр домбыра» іс-шарасы өтті. Сондай-ақ, облыс домбырашылары арасында музыкалық байқау мәресіне жетті. Ақтөбе облысында өскелең ұрпаққа «Домбыра – бабалардан жеткен мұра» атты танымдық іс-шара өткізілді.

«Қазағымның домбырасы күй тартса» іс-шарасы аясында Шымкент жастары ұлттық музыкалық аспаптың тарихымен танысты.

Перизат Саденова
Бөлісу: