Ұлттық банк валюта бағамын жариялады

14 Ақпан 2023, 14:07 1713

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 14 ақпандағы ресми бағамын белгіледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Атап айтқанда, 1 доллардың құны – 452, 43 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы - 6,14 теңге.

13 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,51 теңгеге қымбаттап, 452, 33 теңге болған.

Ресей валютасы 6,16 теңге болды.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 452 – 455 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар 451,5– 456 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 6,05 – 6,3 теңгеге сатып алуға болады.

Астанада көрші ел валютасы 6,1-6,16 теңгеден саудаланып жатыр.

EL.KZ
Бөлісу: