Ұлттық банк төрағасы Президентке ақша-кредит саясаты туралы есеп берді

24 Сәуір 2023, 17:45 815

Мемлекет басшысына Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов осы жылдың бірінші тоқсанындағы ақша-кредит саясатын іске асыру қорытындысы туралы есеп берді. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Атап айтқанда:

Қазақстанның экономикасы мен қаржы секторындағы ахуал, іскерлік белсенділіктің жақсаруы, депозит нарығының динамикасы, сондай-ақ БЖЗҚ-ның, Ұлттық қордың активтері мен алтын-валюта резервтерінің жағдайы туралы баяндады.

Ай сайынғы және базалық инфляцияның төмендегенін және реттеушінің бұған дейін жасаған болжамдарына сәйкес келіп отырғанын жеткізді. Сонымен қатар инфляция деңгейі әлі де жоғары күйінде қалып отыр. Бұл қазіргі ақша-кредит шарттарын сақтауды қажет етеді.

Жедел төлемдер жүйесінің дамуы және цифрлық теңгені енгізуге дайындық барысы туралы мәлімет берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев ақша-кредит саясатын тиімді жүзеге асыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

EL.KZ
Бөлісу: