Ұлттық банк бүгінгі валюта бағамдарын белгіледі

15 Наурыз 2023, 10:35 777

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 15 наурызға арналған бағамын белгіледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 458,22 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы - 6,09 теңге.

14 наурыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2, 51 теңгеге қымбаттап, 458, 96 теңге болған.

Ресей валютасы 6,11 теңге болды.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 461 – 465 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар 462– 466 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 5,9 – 6,15 теңгеге сатып алуға болады.

Астанада көрші ел валютасы 6,03 -6,15 теңгеден саудаланып жатыр.

EL.KZ
Бөлісу: