Ұлттық банк базалық мөлшерлемені тағы да көтерді

5 Желтоқсан 2022, 14:18 1456

Бұған дейін Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16%-ға дейін көтерген еді

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,75%-ға дейін көтерді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Ұлттық банк базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,75%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады. Бұл шешім болжамдар мен нақты деректердің талдауына негізделді. Оған геосаяси жағдайдың белгісіздігі мен салдары, сондай-ақ әлемде азық-түліктің жоғары бағалары сақталып отырған сыртқы ортаның факторлары негіз болды», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, 26 қазанда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16%-ға дейін көтерген еді.

EL.KZ
Бөлісу: