Алматы қаласының Наурызбай аудандық сотында «алауыздық қоздырды» деп айыпталған Qaznews24 сатиралық паблигінің авторы Темірлан Еңсебектің ісі бойынша сот басталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Темірлан Еңсебек 18 қаңтарда қамауға алынған. Оған 174-бап бойынша «ұлтаралық алауыздық қоздырды» деген айып тағылды.
Оффлайн режимде өтетін сотта істі қарауға судья Бейнегүл Қайсина тағайындалған.
Темірлан Еңсебектің өзі сотқа онлайн қатыстырылады.