Үлкен теннис қандай балаларға арналған?

10 Қаңтар 2019, 10:36 9894

Балаңызды қандай спорт түріне беруді білмей жүрсеңіз...

Үлкен теннис – жеке, нақтырақ айтқанда жұптық спорт түрі, мұнда мықты ойыншыға арқа сүйей де, әлсіздердің арасынан жұлдыз болып та шығу мүмкін емес. Бала алғашқы жаттығудан-ақ, барлық жүк өзіне артылатынын түсінеді. Бұл спорт түрі жауапкершілікке үйретеді. Балғын теннисші қандай болуы керек, теннистің «кіштентай» жұлдызын қалай таниды және кімге тенниспен айналысуға болады?

Қандай балалар үлкен тенниспен айналысқан дұрыс?

Балалар алаңқайында бүлдіршініңіз басқаларадан алшақтау ойнағынмен қоймай, олармен бәсекелестікке талпынса – бұл спорт түрі оған дәл келеді. Болашақ спортшының темпераментіне қарап, көп нәрсені аңғаруға болады, мәселен экстарверттер командалық ойындарға, ал эмоциясын аса көрсете бермейтіндер жеке спорт түрлеріне апарған жөн.

Ал физикалық тұрғыдан нақты белгіленген бой мен салмақ өлшемі жоқ. Бала шымыр әрі төзімді болуы керек. Сонымен қоса, балақайдағы реакция жылдамдығының маңызы зор.

«Ең қиыны – жылдамдықты дамыту. Бұл балада туғаннан бар немесе жоқ болады. Доптың бағытына қарай жылдам жүгіруді үйрету мүмкін емес. Қимыл-қозғалыстың жылдамдығы табиғаттан беріледі, біз алғашқы жаттығудан-ақ балаға бұл спорт түрі сай келе ме, жоқ па бірден айта аламыз. Жай қимылдайтын балалар да жетістікке жете алады, алайда олар өздерінің басқа күшті қырын анықтай алуы керек». Бұл теннис жаттықтырушыларының сөзі.

Бала өз талантын алғашқы жаттығуда-ақ көрсете алады. Айтпақшы, кәсіби ойыншылар бақылай келе, қыздар теннисті лезде үйреніп кететінін аңғарған.

Үлкен теннистің артықшылығы неде?

-  Теннис нәзік балалардан нағыз атлет шығарады. Барлық топтағы бұлшықеттің бірдей дамуына ықпал етеді. 
- Теннис – интеллегентті спорт, кортта бір-бірімен ұрсып жатқандарды ешқашан естімейсің және хоккейдегідей қызу төбелесті де көру бұйырмайды. 
-  Бұл спорт «бәсекелестік рухын» оятады, жас спортшы тек кортта емес, отбасыда, оқуда бірінші болуға тырысады. 
-  Жауапкершілікке, зейінділікке, табандылыққа үйретеді. 
-  Көздің көру қабілетіне пайдасы көп, дәрігердің кеңесінен кейін алыстан көру кемшілігі бар балалар да айналысуына болады. 
-  Теннистің ең үлкен артықшылығы – жарақат алу қаупі төмен. 

Бұл спорттың кемшілігі қандай?

Ойын нәтижелері балаға қатты әсер етуі мүмкін. Жеңілсе де, жеңсе де, ол баланың ЖЕКЕ көрсеткіші. Сол себепті, олар жеңілісті аса ауыр қабылдайды. Өзінің әлсіздігіне мойынсұнбай, жаттығуды одан сайын жалғыстыра беруі ғажап емес.

Теннис – қымбат спорт түрі. Баланы жабдықтау аса үлкен шығын әкелмесе де, кортты жалға алу мен білікті бапкердің көмегіне жүгінуге аз қаржы жұмсалмайды.

Енді бастап жатқан спортшыға қымбат ракетка алу маңызды емес, біріншіден, олар аз уақытта сынып қала береді, екіншіден қымбат брендтердің ойын құралына қарағанда, әуесқой модельдер өте ыңғайлы жасалған. Ал спорттық аяқ-киімге ақша аяудың еш қажеті жоқ. Кейде нашар аяқ киім жарақатқа әкеп соқтырады.

Үлкен тенниспен айналысуға болмайды:

  •  Мойын омыртқасы тұрақсыздар;
  •  Жалпақтабан;
  •  Көзінде ақауы бар балалар;
  •  Ойық жарасы барлар;
  •  Жүрек-қан тамырлар жүйесінің созылмалы аурулары;
  •  Қант диабеті мен бүйрек дерті.

Жаттығуды  қашан бастау керек?

Бұл тұрғыдан жаттықтырушылардың ойы екіге жарылады:

«Ерте жастан бастау – дұрыс», – дейді кейбірі. Себебі, ерте жастан болған физикалық даму болашақта өз көмегін тигізеді. Оның үстіне бұл спорт түрі техникалық тұрғыдан ешқандай қиындық туғызбайды, сол үшін үш жастан-ақ баланың қолына ракетка ұстатуға әбден болады. Алайда, олар мұны тек көңіл көтеретін ойын ретінде қабылдауы мүмкін.

Басқа кәсіби мамандар баланы тенниске 6 жастан бастап берген жөн деп есептейді. Бұл жаста олар ойынның мән-мағынасын түсінеді. Жаттықтырушылар жеті жастағы балалар алғашқы жаттығу айында-ақ,  бұл жасқа дейін бірнеше жыл уақыт кететін көрсеткіштерге қол жеткізеді екен.

Неден бастау керек?

Бірінші қадам – жалпы физикалық дайындық: қыс айында балаңызбен шаңғыда сырғанаңыз, ал жаз мезгілінде жүзуге беріңіз.

Би – кішкентай теннисші үшін жақсы көмекші. Ол ырғақты сезініп, өз денесін басқаруға үйретеді.

Бұл ойын иілгіштікті талап етеді. Сол үшін дайындықта акробатика элементтері болған дұрыс.

Алғашқы жаттығудан-ақ, табан буынына аса мән беріңіз, теннисшілерде бірінші кезекте осы дене бөлігіне зақым келеді.

Бес жасар балаға аптасына үш жаттығу кестесі жетіп жатыр, тоғыз жаста ол көрсеткішті беске жеткізу керек. Ал жеке жаттықтырушының көмегіне жүгінуді он жастан бастаған дұрыс.

Қосымша. Теннис «бірқолды» спорт түрі болғандықтан, сколиоздың даму қаупі жоғары. Сол себепті, бала теннистен басқа тағы бір нәрсемен шұғылданғаны жақсы. Бұл ретте, есік алдындағы футбол да, бассейндегі жүзу де жарай береді.

(Суреттер ашық ғаламтор көзінен алынды)

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: