Үлкен Алматы шатқалында тауға шыққан екі жасөспірім құтқарылды

28 Шілде, 10:05 583

Алматы облысы Үлкен Алматы шатқалында екі турист тауға шығып, өздігінен түсе алмаған. 14 және 16 жастағы жасөспірімдерге құтқарушылар көмекке келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Төтеншеліктердің мәліметінше, республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары және Алматы қаласының құтқару қызметімен бірге екі жасөспірімді таудан алып түсті. Олар демалу үшін тауға көтеріліп, адасып қалған. Кейін өздігінен төменге түсе алмай, «112» нөмірі бойынша көмекке жүгінген.

Туристерге медициналық көмек қажет болмаған. 

 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: