Үлкен Алматы шатқалында ер адам қаза тапты

7 Тамыз, 17:10 678

Үлкен Алматы шатқалының тауларында 66 жастағы ер адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ «Республикалық жедел-құтқару жасағы» ММ мәліметінше, 1958 жылы туған ер адам тауға жалғыз шыққан. Кейін келіскен уақытта байланысқа шықпағандықтан, туыстары құтқарушыларды шақырған.

Құтқарушылар ер адамның мәйітін Үлкен Алматы көлінен төмен орналасқан төбелерден тауып, ашық алаңға түсіргеннен кейін полиция қызметкерлеріне тапсырды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: