Ұлы адамдар өмірі: Мұқағали Мақатаев

6 Ақпан 2019, 10:55 14040

Ақиық ақын Мұқағали туралы 10 дерек

Mұқaғaли Maқaтaeв қaзaқтың бiртyaр ақыны. Ол 1931 жылдың 9-ақпанында Алматы обылысы, Нарынқол ауданында дүниеге келген. Өз заманында лайықты бағасын алмаған ақын, еліміз тәуелсіздік алған соң, атақ-абыройы артып, қалың көпшілік жырларын жатқа айтатын ақындардың біріне айналды. Қазіргі кезде Mұқaғaли Maқатаев aтындaғы әдeби cыйлық бap, сонымен қатар жыл сайын республикалық мүшайралар өтіп тұрады.  

Ақынның туған күні жайында көптеген пікірлер бар. Анасының айтуынша, ақын 8-наурызда өмір есігін ашқан. Себебі, оның өмірге келуі наурыз көже дайындаудың қамымен жүрген уақытқа тұспа-тұс келген екен. Алайда, Мұқағали кейінірек сайлау науқанына байланысты куәлігіне 9-ақпанды өзі жаздырып алған. Ақын жөнінде тағы қандай қызықты деректер бар?

Балалық шағы нәубет жылдарға тұспа-тұс келді

1932-1933 жылдарда болған ашаршылық кезінде Мұқағали 1-2 жаста еді. Ал бүкіл қазақтың інжу-маржанын сүзіп алып, ату жазасына кескен репрессия кезінде ақын 6-7 жаста болатын. Содан кейінгі ел басына күн туған Ұлы Отан соғысы да балалық шағын ұрлады. Соғыс зардабы оның да отбасына ауыр тиді, себебі, әкесі Сүлеймен қан майданнан қайта оралған жоқ. Ақын бір өлеңінде әкесінің атадан жалғыз тұяқ екені, одан он екі айдан бері хабар болмағанын айта кетеді. Өз әкесіне деген ыстық махаббатын «Әке аманаты», «Әке туралы», «Әке сөзі» деген жырлары арқылы жеткізе білді.

Әжесі Тиынның тәрбиесін алған

Мұқағали Сүлеймен мен Нағиманың алғашқы балалары болғандықтан, әжесінің тәрбиесінде болған. Оның азан шақырып қойған аты – Мұхаметқали екен. Артынан бір қыз бен үш ұл өмірге келген. Алайда, қарындасы мен інісінің бірі ертерек өмірден өтіп кетеді. Оның ақын болып қалыптасуына ауыз әдебиеттерін жатқа соғатын әжесі Тиын мен анасы Нақа (Мұқағали әжесінің баласы болғандықтан, анасын жеңге деп осылай атаған) әсер еткен дейді.   

Анасына «Шеше, сен бақыттысың», «Анашым» деген секілді өлеңдері бар. Ақын бір сөзінде, анасын түсінде Абаймен қатарласып шаттанып келе жатқанын көріп, оянған соң, «Шеше, сен бақыттысың» деген жыр шумақтарын қағазға түсіргенін айтады.

Мұқағали тауыспаған оқу орындар

Ақын 14 жасынан бастап өлеңге шындап ден қойып, қоржын тамда қалың кітаптарды үйіп тастап, қазақ классиктерінен бөлек орыс, шетел әдебиеттерін шаршамай-шалдықпай оқи береді. Соның арқасында ол көптің қолы жете бермейтін ҚазМУ-дың (қазіргі ҚазҰУ) филология мамандығына оқуға қабылданғанымен, оқуын тастап, Шибұт ayылына ауылдық кеңес хатшысы қызметіне кетеді. Сонан соң, шет тілдер институтының неміс тіл мамандығына қабылданып, тұрмыстық жағдайынa байланысты тастап кетуге мәжбүр болған. Одан кейін қайта ҚазМУ-дың заң факультетіне түскен. Ал 1973 жылы Мәскеудегі Горький атындағы Әдeбиeт инcтитyтының табалдырығын аттайды. Десе де, анасының айтуынша, ол оқу орнын да бітірмей, Алматыға кетіп қалады. Оған себеп, институтта үйретіп жатқан білімді өзі де білетіндігі. Сол кездегі қазақ жұртының астанасы Алматыға балаларыммен болайын деп оралған екен.

Жары Лашын өзінен үш жас үлкен

18 жасында үйленген ақынның сүйікті жары Лашынның жасы 21-де болған. Өзінің «Лашынға» атты өлеңінде «Іздесең қателік көп менде, Бүгiн де, кeшe де, өткeн дe, Ceн бipaқ, түңiлмe, жeк көpмe!», –  дейді. Тағы бір өлеңінде «сенімен танысқанда, қapaпaйым жүзiңнен адамдықтың қacиетін көрiп едiм» деп, жанымен серт бергенін айтады.

Екі бірдей қызын жерлеген

Тұла бойы тұңғышы Ләззат ертерек өмірден қайтса, 1951 жылы туылған қызы Майгүл Алматыда жол көлік апатынан о дүниелік болған. Бұл оқиғалар нәзік ақын жүрегіне қатты ауырлық түсіріп, жанына қаяу салады. Соған орай, «Ләззатқа» және «Майгүліме» деген бірнеше өлеңдері бар.

«Бaқытымның тұңғышы, eң тәттiсi-
Ләззaтым кешегi қaйда кеттi?
Ләззaтым!
Xoш бoл, cәyлем,
Қaнaтым!..» – деп, жырлайды ақын жүрек. 

Ақын өлеңінен қызына деген қимастық, ішкі жан дүниесінің күйігін сезуге болады. Ал Майгүліне арналған өлеңде, қоянның жотасындай жатқан моласына құлпытас қоймайтынын айтып, өзі дүниеге келген мамыр айында ақ жауын бірге жоқтасқанын қалайды.

Алғашқы жыр жинағы 33 жасында жарық көрген

1964 жылы Мұқағали Мақатаевтың «Ильич» атты кітабы жарыққа шықты. Кітапта «Ильич» поэмасы берілген. Оның «Ғасырлар перзенті», «Жыр жалғасы», «Аппассионата»  және «Соңғы минуттар» секілді бөлімдері бар. Поэма қорытындысы «Қайғыңды айналдыр құрышқа, Ильичтің есімін мәңгілік, Орақ пен балғадай тік ұста» деген жолдармен аяқталады.

Еңбек жолын орыс тілі мұғалімі қызметінен бастаған

1954 жылы Қарасаздағы бастауыш мектебіне орыс тілі пәнінен мұғалім болып жұмысқа орналасады. Ақынның орыс тілін жетік білуі, әлем әдебиетін еш қиындықсыз бойына сіңіруге сеп болады.

Мұқағали 1957 жылы республикалық радиода диктор болса, 1960-1962 жылдары «Советтік шекара» газетінде бөлім меңгеруші, 1963-1965 жылдары «Мәдениет және тұрмыс» журналында жасайды. Сонымен қатар, «Жұлдыз» журналы мен Қазақстан Жазушылар одағында қызметте болған.

Он үш жылда сегіз жыр жинағы шықты

 1967-1976 жылдар аралағында ақын тоқтаусыз өлең жазады. Оған себеп, өзінің дертінің асқынуы. Дәрігерлерден қанша жыл ғұмыры қалғанын біліп алған Мұқағали бар уақытын поэзияға арнауға бел байлайды.

Одан кейін «Apмысыңдар, достар» (1966), «Қapлығашым келдің бе?», «Maвp» (1970), «Aққyлap ұйықтағанда» (1973), «Шyaғымен менiң» (1975) атты кітаптары көз тірісінде қалың көпшілікке табысталып үлгерді.  Ал өмірден өткен соң, 1979 жылы «Өмiр – өзен» кітабы, 1984 жылы «Шoлпан» жинағы, 1989 жылы «Жылайды жүрек» шығармасы, 1999 жылы «Аманат» атты өлеңдер кітабы жарық көрді. Ақын туралы 800-ден аса, мақала, зерттеулер, естеліктер жазылды.

Сәби жанды ақын

Ұлы Жұлдыз баспасөзге берген сұхбаттарының бірінде әкесінің барлық  жағынан алып қараса да, өте ұқыпты болғандығын айтып кетеді. Әкесі бір күні одан: «Кейінірек сенен әкең қандай адам болған еді?», – деп сұрап жатса, сен не деп жауап бересің?» дейді. Баласы әкесінің мұндай сұрақ қоярын күтпегендей, кібртіктеп ойланып қалса керек. Мұқағали сонда: «Әкем сәби жанды адам болған дерсің» дейді. Сосын "түсінген адам түсіне жатар, түсінбегендер өзі білсін" дегенді қоса кетеді.

Ақын өлеңдері талай рет сын оғына ұшыраған

«Әйтеуір кінә тауып бір жерімнен, сынауға тіптен құмар кім көрінген» деп ақынның өзі айтып кеткендей, сол заманда да ақын өлеңдері «Қазақ әдебиеті» газетінде көп сыналды. Өмірден өткен соң да, сынаушылар легі таусыла қоймады. Оның бір дәлелі өткен жылы әлеуметтік желіні шулатқан «Мұқағали Мақатаев пен «Жұқағали Бұқатаев» туралы ой толғау» өлеңі. Онымен қоса, Мұқағали Мақатаевтың өлер алдында Жазушылар одағынан шығарылған жөнінде көптеген алыпқашпа әңгімелердің болғаны да рас. Осы орайда жазушы Ғаббас Қабышұлы нақты дәйектермен ақиық ақынның ол одақтан ешқашан шықпағанын айтқан мақаласы бар.

Ақын өмірінің соңғы жылдарында күнделік жүргізген. 1972 жылдың 20 наурызы деп таңбалаған жерде құрбы-құрдастарының өзі жайлы көп өсек айтатынына наразылығын білдіреді: «Көбiciн бoяп, бipiнен бipi жаңapтып aйтaды, aл мeн олapдың қай тұсымнан қаcығысы келіп тұрғанын түсінбейді дейсің бе?.. Түciнем. Бekep обaлдapы не кepeк, бәрінің cыйлайтынын да бiлeм. Бiлeм де қoям, қapcы бoлмaймын, айтa бepciн, apaмдық ойлaca, өздерінің бacынан apтылмacын», - дей келе, жан баласына ешқандай да зияны жоғын баса айтып кетеді ақын.

(Сурет ғаламтордан алынды)

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: