«Ұлдың маңдайын жырып...»: Ләйлә Сұлтанқызы бала кезіндегі оқиғасын еске алды

7 Қазан, 16:24 7424

Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы мұрағаттағы фотоларын әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі тележүргізуші белсенді оқушы болғанын айтады.

Ұстаздар күні мектеп кезіндегі небір қызықтар есіме түсуде. Мектеп кезінде мұғалімнің орынына кейде сыныпқа қалдырып кететін мені. Өзі активист, өзі үздік Ләйлә ондайда қатал еді. Бір күні сөз ұқпай, тентек болған бір сыныптасыма сызғыш лақтырғанмын. Ол сызғыш әлгі ұлдың маңдайын жырып, терезені де шағып кеткен. Сөйтіп, әкем келіп, терезені де жөндетті, баладан да кешірім сұрағаным бар, - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Айта кетейік,  тележүргізушінің жас кезіндегі суреті көпшілікті таңғалдырғанын жазған едік.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: