Ұландық жауынгер самбодан әлем чемпионы атанды

24 Қыркүйек 2023, 19:02 780

23-24 қыркүйек күндері Сербияның Нови-Сад қаласында спорттық және жауынгерлік самбодан әлем кубогы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл 2023 жылғы халықаралық күнтізбедегі екінші әлем кубогы. Бірінші кезең тамыз айында Қырғыз Республикасында өткен болатын. 

Жарысқа Армения, Болгария, Босния және Герцеговина, Венгрия, Израиль, Испания, Италия, Нидерланды, Солтүстік Македония, Сербия, Хорватия, Швейцария және т.б. елдердің командалары қатысты.

88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ұлттық ұланның 6655 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Еламан Қойшыбаев спорттық самбодан чемпион атанды.

Берік Арманов
Бөлісу: