Әнші Алтынай Жорабаева болашақ сәбиінің жынысы және босанатын күніне байланысты оқырмандарына өтініш айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Менде жүріс осылай. Өтініш, “қашан туасың?”, “Ұл ма, қыз ба?” деген сұрақтармен мазаламаңыздаршы. Алланың бұйыртқан күні бөпе келеді, – деп жазды әнші.
Бұған дейін әнші барша халықты жаңа жылмен құттықтаған еді.
Жаңа жыл құтымен, берекесімен келсін! Әр шаңыраққа Алла бақ, береке, иман байлығын, денсаулықтың байлығын, дүниенің байлығын берсін! Біздің жанұямыздың атынан жылы лебіз бен ыстық сәлемді қабыл алыңыздар! Алла қаласа 2024 жылы отбасымызға Әлішерұлы немесе Әлішерқызы қосылады. Дені сау, ғұмыры ұзақ болатын бөпе келсін ең бастысы!, – деп жазды әнші.