Украина мен Молдоваға ЕО-ға кандидат статусы берілді

24 Маусым 2022, 05:09 1238

О-ның 27 елінің басшылары Украина мен Молдованың еуропалық перспективасын мойындады.

Еуропалық кеңес Украина мен Молдоваға Еуроодақ мүшелігіне үміткер мәртебесін берді, деп хабарлайды EL.KZ.

Брюссельде өткен ЕО-ның бірінші жұмыс сессиясында ЕО-ның 27 елінің басшылары Украина мен Молдованың еуропалық перспективасын мойындады.

– Бұл тарихи сәт. Бұл ЕО жолындағы маңызды қадам болды", - деп жазды ЕО президенті Чарльз Мишель Twitter-дегі парақшасында.

Сондай-ақ ол Грузия да бірқатар шарттарды орындағаннан кейін кандидат мәртебесін ала алатынын айтты.

Бөлісу: