Украина президентінің әйелі неліктен күйеуінен бөлек тұратынын түсіндірді

22 Маусым 2023, 11:44 1809

Украина президенті Владимир Зеленский қауіпсіздік мақсатында өз кабинетінде ұйықтайды, ал оның жұбайы балалармен бөлек тұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сәті түссе, түскі уақытта кеңседе кездесеміз. Қазір ешкімнің не демалыс ұйымдастыруға, не көңіл көтеруге мұршасы жоқ, – дейді Елена Зеленская.

Украинаның бірінші ханымы күнделікті кеңсесіне барып, психикалық денсаулық бойынша кеңес беріп, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмектесетінін, одан қалды сұхбаттар беретінін айтты.

Украинаның Факти порталының мәліметінше, Елена Зеленская 1978 жылы Кривой Рог қаласында туған. Украинаның болашақ президенті Владимир Зеленский екеуі бір мектепте оқыған. 2003 жылы екеуі шаңырақ көтеріп, 2004 жылы Александра деген қыз, 2013 жылы Кирилл есімді ұл дүниеге келді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: