Украина Олимпиадада алғашқы алтын медаліне қол жеткізді

4 Тамыз, 08:28 616

Саблямен семсерлесуден Украинаның әйелдер құрамасы Париждегі Олимпиада ойындарында алғашқы алтын медальге қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әйелдер арасындағы командалық сайыстың финалында Украина құрамасы Оңтүстік Корея спортшыларын 45:42 есебімен жеңіп, жеңімпаз атанды. Бұған дейін украиналық бойжеткендер Италия (45:37) және Жапония (45:32) спортшыларынан басым түскен. Украина сапында Ольга Харлан, Юлия Бакастова, Алина Комащук және Елена Кравацкая өнер көрсетті.

Осылайша,Украина Олимпиада-2024-те үш медаль еншіледі – бір алтын, бір күміс және бір қола. Сонымен қатар Ольга Харлан саблямен семсерлесуден жекелей сында қола жүлдегер атанған. Ал күміс жүлдені мерген Сергей Кулиш қоржынға салды.  

Перизат Саденова
Бөлісу: