Украина билігімен сөзге келіп қалған Ұлыбритания қорғаныс министрі қызметінен кетті

31 Тамыз 2023, 18:00 890

Ұлыбританияның қорғаныс министрі Бен Уоллес қызметінен кетті. Бұл туралы Sky News-ке сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Телеарна мәліметінше, Уоллес орнын өткен айда-ақ босатпақ болған. Ол кезде министр қару-жараққа қатысты пікірі үшін Украина билігімен сөзге келіп қалған.

Ұлыбритания қару-жарақ жеткізетін Amazon емес, - деген.

Тілшілердің енді немен айналысатыны туралы сауалына:

Барда жұмыс істеуге де дайынмын немесе өзіме ұнайтын кез келген салада жұмыс істеп көремін, - деген.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: