Онда тау-кен металлургия кешеніндегі бизнестің түйткілді мәселелері қаралды.
Қатысушылар экономикалық өсімнің және Қазақстан халқының әл-ауқатын жақсартудың драйвері ретінде жер қойнауын дамытудың жалпыұлттық басымдығын әзірлеу жөніндегі бизнес-қоғамдастықтың ұсынысын талқылады.
Сондай-ақ тау-кен металлургия кешенін одан әрі дамытудың стратегиялық бағыт-бағдары, «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі» АҚ ұлттық даму институттары арқылы тау-кен өндіру саласындағы кәсіпкерлік субъектілерін несиелендірудің қолжетімділігі мәселелері қозғалды.