Үкіметке үлкен жауапкершілік артылып отыр – Ардақ Назаров

30 Наурыз 2023, 13:56 944

Ардақ Назаров Әлихан Смайыловтың бұған дейінгі Үкіметтегі жұмысын «орташа» деп бағалады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы  ол Парламент кулуарында айтты.

«Қазір Үкіметке үлкен жауапкершілік артылып отыр. Халыққа керегі үкімет халыққа бар жағдайды жасап, жұмыстарын дұрыс атқарғаны. Халыққа шынайы жанашырлықпен қызмет істегенін қалайды. Қазіргі кезде халық пен үкіметтің арасы жер мен көктей. Бірақ оны жақындатуға болады. Ол үшін біздің үкімет басшысынан бастап ел үшін қызмет жасауы керек», - деді ол.


Сонымен қатар, Үкімет басшысының бұған дейінгі жұмысына орташа баға беретінін айтты.


«Халықтың жағдайын статистикамен айтқан бөлек, көзбен көрген мүлде бөлек. Іште отыра бермей, сыртқа шығып, барып көру керек», - деді депутат.


Ол депутат ретінде ең түйткілді мәселе – әлеуметтік бағытты таңдағанын айта кетті.

Миражан Махан
Бөлісу: