Үкімет отандық тауар өндірушілерді қолдауға басымдық берді – Олжас Бектенов

28 Қаңтар, 11:25 193

Президенттің төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Олжас Бектенов былтыр Үкімет негізінен отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселелеріне басымдық бергенін атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үкімет басшысы ең жоғары экономикалық өсім байқалған өңірлерді атады. Олардың қатарында Қарағанды, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Астана және Шымкент қалалары бар.

Негізгі көрсеткіштердің төмен динамикасы Ұлытау, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында қалыптасты. Былтыр Үкімет негізінен отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселелеріне басымдық берді. Мемлекеттік сатып алу шеңберінде тек қазақстандық өндірушілерден сатып алынатын тауарлық позициялар өткізбесі 4,5 мың атауға дейін, яғни үш есеге ұлғайтылды. Реттелетін сатып алулар аясында отандық кәсіпорындармен жалпы құны 1 трлн теңгеден астам сомаға ұзақ мерзімді және оффтейк-келісімшарттар жасалды. Бұл көрсеткіш 2,5 есеге өсті. Өз кезегінде өндірушілер кәсіпорындарды технологиялық жаңғырту, өнімнің сапасын және жергілікті өндіріс көлемін арттыру, еңбек жағдайын жақсарту бойынша міндеттемелер алды, – деді Бектенов.

Премьер-министрдің сөзінше, автомобиль өндірушілерін локолизациялауды биыл 30 пайызға дейін арттыру бойынша міндеттемелер белгіленді.

Биыл екі ірі автомобиль зауытын, атап айтқанда, Қостанай облысы мен Алматы қаласында жалпы өндірістік қуаттары жылына 160 мың мың автокөлікті құрайтын «Киа» және мульти-брендті зауыттарын іске қосамыз. Былтыр біз сырттан келетін тракторлар мен комбайндарды субсидиялаудан бас тарттық. Бұл осыған дейін Қазақстанда өз зауыттарын ашқан шетелдік ауылшаруашылық техникасын өндірушілер үшін тиімді болдық. Мәселен, Петропавлдағы клас-неміс концернінің зауытына жасалған тапсырыс көлемі екі есеге өсті. Бүгінде басқа да ауылшаруашылық техникалар өндірушілер Қазақстанда өндірістер локализациялауды бастады. Былтыр Атырау облысында құны 350 млн доллар, ал жылдық қуаты 6 мың мың вагонды құрайтын зауыт іске қосылды. Биыл Астанадағы зауытта алғашқы 50 жолаушылар вагонын шығаруды бастайды, – деді Олжас Бектенов.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: