Үкімет мүшелері Жапонияның Экономика, сауда және өнеркәсіп министрлігінің өкілімен кездесті

6 Қазан 2023, 07:34 893

Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М. Ошурбаев Жапонияның Экономика, сауда және өнеркәсіп министрлігінің Ресей, Орталық Азия және Кавказ бойынша сауда саясаты департаментінің директоры М. Ватанабе мырзамен кездесті,  деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күн тәртібінде Қазақстан мен Жапонияның бірлескен Кредиттеу тетігі (JCM) шеңберіндегі ынтымақтастығы мәселесі талқыланды.

Вице-министр өз сөзінде қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі саласындағы ынтымақтастығы үшін алғысын білдіре отырып, елдің жасыл экономиканы дамыту және декарбонизациялау жөніндегі озық тәжірибесін ескере отырып, Экология министрлігінің жапон тарапымен ынтымақтастыққа мүдделілігін атап өтті.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметі арасындағы JCM меморандумының мәтінін келісу бойынша атқарылған үлкен жұмыс атап өтілді.

Тараптар осы Меморандумға қол қою парниктік газдар шығарындыларын қысқартуға және сіңіруге, сондай-ақ климаттың өзгеруінің салдарын жұмсарту жөніндегі шараларды жүзеге асыруға бағытталған климаттық жобаларды іске асыру бойынша жемісті ынтымақтастыққа негіз қалайтынын атап өтті.

Сонымен қатар, Жапония мен Орталық Азия елдерінің климат мәселелері бойынша ынтымақтастығы стратегиялық маңызға ие, өйткені екі өңір де климаттың өзгеруіне байланысты сын-қатерлерге тап болып отыр.

Вице-министр кездесу соңында климаттың өзгеруін азайту және оған бейімделу бойынша жаһандық, өңірлік және ұлттық деңгейлерде бірлескен үйлестірілген іс-қимылдар қабылдауға шақырды.

Перизат Саденова
Бөлісу: