Үкімет басшысының орынбасары БАӘ-нің өкілі Мұхаммед Әл-Гаргаумен кездесті

14 Қазан 2023, 10:28 1132

Премьер-министрдің орынбасары – ҚР Үкімет Аппаратының Басшысы Ғалымжан Қойшыбаев Астанаға жұмыс сапарымен келген БАӘ-нің Министрлер кабинеті істері жөніндегі министрі Мұхаммед Әл-Гаргауимен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ғалымжан Қойшыбаев Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейде екенін атап өтті.

Барлық бағыттардағы тұрақты байланыс саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты әріптестікті одан әрі нығайтуға ықпал етуде.

Қазақстан өзара ақпарат және пайдалы тәжірибе алмасу арқылы мемлекеттік басқару саласындағы ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделі, - деді Ғ.Қойшыбаев.

Өз тарапынан М. Әл-Гаргауи қазақстандық әріптестеріне БАӘ Үкіметінің мемлекеттік басқару жүйесінде қолданылатын цифрлық шешімдерді таныстырды.

Кездесу соңында тараптар басым бағыттар бойынша тығыз өзара іс-қимылды одан әрі жалғастыруға уағдаласты.

Асқар Таудай
Бөлісу: