Үкімет басшысы ерікті өртке қарсы құрылымдарға қолдау көрсетуді тапсырды

30 Шілде, 12:45 486

Үкімет басшысы ерікті өртке қарсы құрылымдарға қолдау көрсетуді тапсырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта Қазақстанның елді мекендерінде 252 ерікті өртке қарсы құрылым жұмыс істейді. Жыл басынан бері еріктілердің күшімен 245 дала өрті сөндірілді.

Премьер-министр былтыр ерікті құрылымдарға заңды тұлға мәртебесі берілгенін, олар жүргізген жұмыстың маңыздылығы атап өтті.

Олжас Бектенов әкімдіктерге өртке қарсы бекеттер мен ерікті құралымдарды ұйымдастыруды жалғастыруды, оларды өрт сөндіру құралдарымен жарақтандыруды қамтамасыз етуді тапсырды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: