Үкімет ауылдық елді мекендерде медициналық мекемелерді салуға 40 млрд теңге бөлді

29 Мамыр, 11:19 529

Премьер-министр Олжас Бектенов «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында медициналық мекемелер салу және жаңғырту үшін Үкімет резервінен 39,9 млрд теңге бөлу туралы қаулыға қол қойды. Шешім 27 ақпандағы Үкімет отырысының хаттамасын орындау шеңберінде қабылданды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ұлттық жоба ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсету деңгейін арттыру мақсатында Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын орындау аясында іске асырылуда.

Оның шеңберінде 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) нысандарын салу және орталық аудандық ауруханаларды жаңғырту көзделген.

Жобалар жобалау-сметалық құжаттаманың (ЖСҚ) әзірлігіне қарай өңірлердің әкімдіктерінен берілген өтінімдерге сәйкес қаржыландырылады. Осыған байланысты Үкімет резервінен 39 млрд 987 млн теңгеден астам қаражат ауылдық елді мекендерде ЖСҚ дайын 297 алғашқы медициналық көмек нысанын салуға бағытталады. Олардың ішінде медициналық пункттер, фельдшерлік-акушерлік пункттер және дәрігерлік амбулаториялар бар.

Сонымен қатар бөлінген қаражаттың бір бөлігі: 

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: