Үкімет АЭС бойынша референдум өткізу туралы жобаны мақұлдады

27 Тамыз, 11:00 374

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанда атом энергетикасын дамыту мәселесі көптен бері көтеріліп келе жатқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдумға бастамашылық жасау және республикалық референдумды өткізу туралы ҚР президентінің жарлығы жобасын ҚР президентінің қарауына енгізу туралы Үкімет қаулысының жобасын қарауға шығаруды ұсынамын. Қолдауларыңызды сұраймын, – деді энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.

Үкімет басшысы бұл саланың перспективасы үлкен екенін және елімізде ядролық отын өндірісі толықтай дерлік игерілгенін жеткізді.

Шағын реакторларды пайдалану тәжірибесі жинақталды. Бұл бағытта мамандар мен ғалымдарымыз да бар. Кадр даярлауға да көңіл бөлініп келеді. Сондықтан атом энергетикасын дамытудың келесі кезеңіне көшу дұрыс қадам болып табылмақ. Әсіресе, еліміздің энергетикалық инфрақұрылымына жүктеме артып отырған бүгінгідей жағдайда бұл мәселенің маңызы айрықша. Біз қазірдің өзінде энергетикалық қуат тапшылығын тартып отырмыз. Проблеманы осы бастан шешпесек, онда экономиканың әрі қарай өсуіне қажетті электр энергиясын үлкен көлемде сатып алуымызға тура келеді, – деді Бектенов.

Премьер-министр осыған байланысты ұсынылған Үкімет қаулысының жобасына дауыс беруді ұсынды және қабылданды.

Энергетика министрлігіне Үкімет аппаратымен бірге жарлық жобасын Президент әкімшілігіне енгізуді тапсырамын, – деді Олжас Бектенов.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: