Уимблдон турнирінде Карлос Альварес жеңімпаз атанды

14 Шілде, 21:14 742

Лондонда аяқталған Уимблдон турнирінің ерлер арасындағы финалында сербиялық Новак Джокович испаниялық Карлос Алькарасқа есе жіберді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ақтық ойында испан теннисшісі3:0 есебімен  басым түсті. Осылайша ол Уимблдон турнирінің 2024 жылғы чемпионы атанып отыр. 

Алғашқы сетте испаниялық Карлос бірінші геймде брейк жасады. Осылайша алға шыққан ол сет бойы тағы бір мәрте брейкті жүзеге асырып, 6:2 есебімен партияны аяқтады. 

Екінші кезеңде испан теннисшісі осы көрсеткішті қайталай алды. Ол сет барасында 2 рет брей жасап, 6:2 есебін тіркеді. 

Шешуші кезеңде екі теннисшісі де бір реттен брей жасады. Есеп 4:4 нәтижесі жеткенде Алькарас Новактың жолын орады. Алайда серб ойыншысы қапы қалмай, қарымда соққыны өз пайдасына шешті. Осылайша тай-брейкке ұласқан ойында Карлос 7:6 (7:4) көрсеткішімен Уимблдон турнирінің жеңімпазы атанды. 

Зарина Арман
Бөлісу: