UFC: Азат Мақсұмның жекпе-жегі нешеде басталады

31 Қаңтар, 10:02 1033

4 ақпан күні таңертең қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Азат Мақсұм (17-0) UFC-дегі екінші айқасын өткізеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол Лас-Вегаста өтетін UFC Fight Night 235 турнирінде өнер көрсетеді. Жерлесіміздің бұл жолғы қарсыласы – американдық Чарльз Джонсон (13-6). Айқас Астана уақытымен шамамен 04:40-та басталады.  

Естеріңізге сала кетейік, Азат Мақсұм UFC-дегі алғашқы айқасын былтыр шілде айында өткізіп, американдық Тайсон Нэмді (21-14-1) жеңді. 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: