ҰЭМ басшысы Халықаралық рейтингтік агенттіктердің өкілдерімен кездесті

16 Қазан 2023, 04:31 551

Мароккоға жұмыс сапары барысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Standard&Poor's, Moody's және Fitch басшылығымен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Министр елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен перспективалары, сондай-ақ тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге бағытталған реформалар туралы айтып берді. Сондай-ақ жүргізіліп жатқан фискалдық саясат, оның ішінде жаңа Салық және Бюджет кодекстерінің негізгі тәсілдері туралы сөз қозғалды.

Бұдан басқа, инвестициялық ахуалды және бизнес-процестерді жақсарту жөніндегі шаралар қаралды. Кездесуге қатысушылар әлемдік экономикадағы ағымдағы ахуалды да талқылады.

Перизат Саденова
Бөлісу: