Уақыт белдеуі ауысқанда әуе рейстері қалай ұшады

3 Ақпан, 12:45 937

Көлік министрлігінде Қазақстанның барлық аумағында 5-ші уақыт белдеуін қолдану бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараға Қазақстанның авиациялық әкімшілігі, «Қазаэронавигация» РМК, отандықәуежайлар, «Эйр Астана», FlyArystan, SCAT, Qazaq Air, Turkish Airlines, FlyDubai әуе компанияларыжәне елімізге келетін әрі елімізден шығатын тұрақты жолаушылар рейстерін орындайтын басқа да шетелдік тасымалдаушылардың басшылары қатысты.

Жиналыстың қорытындысы бойынша әуе компаниялары мен әуежайларға жолаушыларды уақтылы хабардар ету және билеттерді брондау әрі сату бойынша жүйелерді жаңарту бойынша тиісті жұмыс жүргізу тапсырылды.

Осыған байланысты Астана, Алматы, Шымкент, Көкшетау, Тараз, Балқаш, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Түркістан, Өскемен, Семей, Талдықорған және Жезқазған қалаларына/қалаларынан рейстерге әуе билеттерін сатып алған жолаушыларға ұшу уақыты 2024 жылғы 1 наурыз сағат 00:01-ден басталатын (елорда уақыты бойынша) рейстер бойынша нақты ақпаратты әуекомпаниялардың Call орталықтары мен арнайы қосымшалары арқылы, сондай-ақ әуежайлардың анықтамалық қызметтерінен нақтылау қажет.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 19 қаңтардағы қаулысына сәйкес Қазақстанның барлық аумағында 5-ші уақыт белдеуі қолданылатын болады. Осылайша, 2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақыт 1 сағатқа шегеріледі(Астана қ., Алматы қ., Шымкент қ., Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Жетісу және Ұлытау облыстары).

Жансая Әділбек
Бөлісу: