17 Қараша 2014, 10:25
10 қараша Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Қасым» телефильмінде басты рөлді сомдаған актер Қуандық Қыстықбаевқа Ресей Федерациясы Кемеров облысының губернаторы Төлеев Аман Ғұмырұлы «ОРДЕН ПОЧЕТА КУЗБАССА» орденін губернатордың арнайы өкілдері Кемеров облысының облыстық филормониясының бас директоры Пилипчук Людмила Владимировна және «Кузбасскино» киностудиясының бас директоры Дудкина Елена Николаевна салтанатты түрде табыстады.
Отандық төл туындының Халықаралық деңгейде жоғары марапатқа ие болуы еліміз үшін айтарлықтай үлкен мәртебе. Актер Қуандық Қыстықбаев Кемеров облысы тағайындаған құрмет орденінің тұңғыш иегері.
Қыстықбаев Қуандық Қапсалаңұлы – театр және кино актері.
1977 жылы 1 тамызда Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Сүмбі ауылында дүниеге келді.
1984-1994 жылдары Қырғызсай ауылдық орта мектебінде білім алды.
1994-1998 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ Мемлекеттік театр және кино институтының «музыкалық драма артисі» мамандығы бойынша Е.Сегізбаев пен К.Кенжетаевтың курсын бітірді.
1998 жылы Ақмола қаласының Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына актер болып қызметке алынды. Қаллеки театрының орта буын актері.
Қуандық біраз рольдерді сомдап, сахнаға шығарды:
М.Әуезов « Қара Қыпшақ Қобыланды» -Қобыланды, «Қарагөз»-Сырым, «Еңлік- Кебек» - Кембай , «Абай»- Айдар, «Айман-Шолпан» - Әлібек; Ф.Эрве «Түлкі бикеш» -Шамплетро; Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» - Айдар; Ж.Әлмашұлы « Бәйтерек басындағы кездесу» -Исатай; В. Дельмар «Баянсыз бақ» - Гарвей; І.Жансүгіров « Махамбет»- Махамбет; Б.Ұзақов « Үміт» - Замир; Т. Ахтанов «Жоғалған дос»- Маңғас; Е.Аманшаев «Үзілген бесік жыры»- Ол; М.Хасенов « Пай-пай жас жұбайлар-ай» - Қасым; У.Шекспир « Ромео мен Джульетта»- Ромео, Тибальт; Ж.Мольер «Скапеннің айласы» - Леандр; А.Сайд « Келіндер көтерілісі» - Кемел; А.Цагарелли «Гамарджоба»- Князь; И.Штраус «Жұбайлар жұмбағы» - Фальк, М.Фриш «Дон Жуанның думаны» - Дон Жуан, Е.Жуасбек «Үйлену» - Көмек, «Сен үшін» - еркек, «Терең тамырлар» - Елбасы, У.Шекспир «Гамлет» - Лаэрт, Ш. Мұртаза «Бір кем дүние» - Абадан, А.Вальехо «Күн сәулесі түспеген» - Висенте, Д.Рамазан «Абылай ханның арманы» - Абылай хан; Ж.Ануй «Жалын жұтқан Жанна д Арк» - Король Карл.
Түскен фильмдері мен марапаттары:
2002 жылы «Сардар» кинофильміне түсіп, басты рөл – Құлжаны
2004 жылы «Человек ветер» кинофильміндегі басты рөл - Алматты.
2005-ші жылы Қызылорда қаласында өткен ХІІІ театр фестивалінде «Ең үздік ер адам» номинациясын жеңіп алды.
2007 жылы Нижний Новгород қаласында өткен Халықаралық кино фестивалінде «Человек ветер» фильмімен «Ең үздік ер адам» номинациясының жүлдегері.
2008ж. «Келін» фильмінде басты рөлді сомдады.
2009 ж. «Кто вы, господин К» фильмінде Із кесуші рөлін сомдады.
2010 ж. «Семь майских дней» фильмінде басты рөлді сомдады.
2009-2010 ж.ж. ҚР Президенті степендиясының иегері.
2011 ж. Астана қаласы әкімінің «Ең үздік актер» номинациясы бойынша грант иегері.
2011 жылы «Қаллеки» театрының ұжымы өткізген «Өз актеріңді таны!» - акциясы барысында көрермендердің таңдауымен «Үздік актер» номинациясын жеңіп алған.
2012 жылы «Жыл патриоты» номинациясын иеленді.
2013 жылы «Қасым» атты төрт сериялы фильмде – Қасым Қайсеновтің бейнесінде.
2014 жылы «Қасым» фильміндегі рөлі үшін Ресей Федерациясы Кемеров облысының губернаторы А.Төлеевтен «ОРДЕН ПОЧЕТА КУЗБАССА» марапатына ие болды.
Әзірлеген – Досжан Мейірбек.