16 Қазан 2014, 04:50
Үнді елінде туылған неміс ғалымы, əйгілі шығыстанушы Һанс – Жоахим Климкейттің” Die Seidenstrasse” деген кітабында, Қытайдан шығып Орта Азия арқылы Үндістанға барып теңіз арқылы б. з. 414 жылы еліне оралған, əйгілі діндар-сахатшы Фа Шянның сапар маршрутын көрсеткен карта бар. Сонда жетісудың кіндік тұсынан Үйсін дегенді бадырайтып (Wusi деп) көрсеткен. Мұндағы Wu дегеннің, А-ға жуы- майтын, У екені анық тұр.
Оның үстіне Жапонияның Токио Империя Университетінің профессоры, Орта Азия тарихының білгірі Ширатори Куракичидің (юншиң) де - У Сүннің тағы бір жазылуы деген. Демек бұл ғалым да У ды А-ға жолатпаған. Расында да “юншиңнің” У-сүнге жақындығы көрініп тұр. Хəндер (қытайлар) ертедегі ұйғырларды У Ху деп те жазды. Уейшүй дариясына да сол ды қолданды. Демек мұнда да ды У не Үй деп оқып, А-ға апармаған. Мұндай мысалдар толып жатыр. Айта берсек, Өтүкен, Ұгүр жолы, Ұла, Ұлатүкен тауы деген сияқтылар да көп.
Оның үстіне хəн иероглифтерінің талайының əлденеше оқылуы болатыны белгілі. Мысалы, қазірдің өзінде де бір үш түрлі - шуо (сөйлеу), шюй (иландыру), юе (көңілділік) деп оқылады. Сонда кім дың тек бір ғана оқылуы болған, ол - А, ал оның қазіргі У деп оқылуының арғы тарихта негізі жоқ деп қасарыса алады?! - тағы У деп оқылатын фамилия. Фамилияның заманға ілесе дыбыстық өзгеріскеоңай ұшырамайтын жағы тағы тұр.
Сондықтан Ахметұлы Шадымандардың «Ежелгі Үйсін Елі» сықылды еңбектерінде У-сүнді Үйсін деп оқығаны, жазғаны өте дұрыс.
Сөз кезегі келгесін айта кетейін. Білген адамға, егер керек болса, «Тарихи жазбалардың» авторы Сыма Чянның Хəн иероглифтерін қалай дыбыстайтын жан екенін табу қажет. Өзгенің бəрі бекер.
Қырық темірдің қылауынан құралған, демографиялық жақтан тым бұрыннан бастап-ақ тез көбейген Хəн ұлтының тарихында, диалектілердің орасан көп болғанына байланысты, тіл мен жазудағы бірлікке құлшыну да өте ерте басталған екен. Соның бірі - “Ыр я” (“Дұрысы осы” ) дейтін еңбектің ерте дүниеге келуі мен хəндердің басын алғаш құраған патша Чин Шыхуаңның (б. з. б. 221 жылдан бастап) бұрында да бар (сонау Шя, Шаң, Жоу əулеттері кезінен басталған) тіл мен жазуды бірлікке келтірусаясатын тіпті де пəрменді жүргізуі. Хəн əдеби тілі - алғы Чиңдəуірінің ұлықтық төрелік жазуы мен тілі. Ол артынан біртіндеп, оқыған ығайлардың ауызша тілінен алыстап, арнайы жазба тілге айналған. Ұлықтар жайшылықта ауызша тілмен, ресми орындарда ұлықтық тілмен сөйлескен. Бұл ұлықтық тіл Тұнияздың (Орта Жазықтың) тілін стандарт еткен.
Əсілі мұның алды-артында талай үдеріс болғаны белгілі. Қытайша биліктік стандартты тіл (ұлықтық тіл) алғашында Я тілі, яғни Шятілі, Я үні, тұтас тіл, дұрыс тіл деп атала келіп, Миң əулетінен (1371 жылдан) бері ғана ұлықтық тіл делінетін болған. Чиң əулеті кезінде (1616 -1911 жж) мемлекет тілі, сосын 1956 жылдан бері путоңхуа (ортақ тіл) деп аталды.