ТЖМ жолда қалып қойған 120 жолаушыны құтқарды

8 Наурыз, 17:37 1342

Түркістан облысы Түлкібас ауданы Шақпақ ауылының маңында жолдың жабық учаскесінде көліктердің кептелісі пайда болып, 2 автобус жолда қалып қойды, деп хабаралйды El.kz ақпарат агенттігі. 

ТЖМ құтқарушылары ішінде 19 бала бар 120 жолаушыны жақын жылыту пунктіне эвакуациялады. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болған жоқ.
Азаматтар құтқарушыларға жедел әрекеттері үшін алғыс білдірді.

Перизат Саденова
Бөлісу: