ТЖМ әскери бөлімдерінің қатысуымен су тасқынына қарсы өткізілген іс-шаралар айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ әскери бөлімдері елді мекендерді су басуының алдын алу мақсатында еліміздің түрлі өңірлерінде су тасқынына қарсы өткізілген іс-шараларын өткізуде.
Ал Атырау облысы Құлсары қаласында ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімінің жеке құрамы 50 кг-дық 300 қап және 1 тоннаға толтырылған 40 қап дайындап, онымен Жем өзенінің жағалауын нығайтты.
Әскери бөлімдер облыстық төтенше жағдайлар қызметтерімен бірлесіп алдын алу іс-шараларын жалғастыруда.