ТЖМ су тасқыны жағдайына байланысты ахуалды баяндады

5 Мамыр, 16:17 809

ҚР ТЖМ су тасқынына зардап шеккен аймақтарда 49 мыңнан астам қазақстандық өз үйлеріне оралғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атырау облысының Құлсары қаласында, Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында су басқан үйлерден су айдау жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Өзендердегі су деңгейіне мониторинг жүргізілуде.

Республика бойынша 8 767 тұрғын үй мен 2 994 аула аумағынан су бағыты бұрылып, сорылды. 49 819 адам үйлеріне оралды. Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға барлығы 14 078 адам және 1 348 техника, 290 су сорғыш және 70 жүзу құралы, 7 әуе кемесі жұмылдырылды, - деді ОКҚ брифингінде ТЖМ өкілі.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: