Ақтөбеде құтқарушылар құдыққа түсіп кеткен итті шығарып алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, Ақтөбе қаласының Заречный даңғылында құдыққа құлап кеткен итті байқаған адамдар құтқарушылардың көмегіне жүгінді.
Жедел-құтқару жасағының құтқарушыларының жедел әрі кәсіби іс-әрекеттерінің арқасында ит жер бетіне шығарылды.