ТЖМ құтқарушыларына ресейлік көлік жүргізушісі алғыс білдірді

Бүгiн, 05:26 166

Ақмола облысында Ресей Федерациясынан келген жүк көлігінің жүргізушісі ТЖМ құтқарушыларына алғысын білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облысында ауа-райының қолайсыздығы кезінде Мәскеуден Алматыға бара жатқан жүргізуші Көкшетау қаласының блокпостында ауа райының қолайсыздығына байланысты тұрып қалған. 

Құтқарушылар Қызыл жарты ай еріктілерімен бірге оны және басқа жүргізушілерді ыстық тамақпен және сумен қамтамасыз етті.

Ресей Федерациясының жүк көлігінің жүргізушін жергілікті құтқарушылардың әрекеті бей-жай қалдырмай, жақсы акцияға қатысқандардың барлығына алғыс айтты, - деп жазылған ТЖМ таратқан ақпаратта. 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: