ТЖМ құтқарушылары ШҚО-да төрт адамды эвакуациялады

8 Наурыз, 15:14 469

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында Құйған ауылынан 5 шақырым жерде екі жеңіл көлік қар құрсауында қалды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Құтқарушылар жедел түрде жол талғамайтын "Трэкол" көлігімен жетіп, Бұқтырма су қоймасының жағалауынан Күршім ауылына 4 адамды эвакуациялады.

Медициналық көмекке мұқтаж болғандар жоқ.

ТЖМ азаматтарға қолайсыз ауа райы кезінде жолға шықпауды ескертті.

Перизат Саденова
Бөлісу: