ТЖМ құтқарушылары Қостанай облысында дала өртін сөндірді

11 Қазан, 08:23 354

Алтынсарин ауданында Лихачевка ауылынан 10 км. қашықтықта ашық аумақта құрғақ шөп жанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Желдің екпіні 25 м/с дейін күшейгендіктен, Лермонтов орманшылығының орман учаскелеріне өрттің таралу қаупі туындады.

Өрт сөндіру жұмыстарын ТЖМ және орман шаруашылығының қызметкерлері жүргізді. Сондай-ақ, ҚР ҰҚК авиациялық қызметінің су төгу құрылғысы бар тікұшақ тартылды. Авиация 4 рет жалпы көлемі 8 тоннадан астам су төкті.

Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылдарының арқасында 10 мың гектар алаңдағы өрттің таралуына жол берілмеді.

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Зарина Арман
Бөлісу: