ТЖМ құтқарушылары қар құрсауында қалған 4 адамды құтқарды

Бүгiн, 03:31 422

ТЖМ құтқарушылары Шығыс Қазақстан облысыда қар құрсауында қалған 4 адамды аман алып шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ауа райының нашарлауына байланысты Шығыс Қазақстан облысы Қарой ауылының маңындағы «Марқакөл-Қарой» тас жолында жеңіл автокөлігі жолдан шығып кеткен.

ТЖМ құтқарушылары оқиға орнына келіп, жақын маңдағы елді мекенге 4 адамды, оның ішінде 2 баланы жеткізілді. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болған жоқ.

Осы орайда ТЖМ жүргізушілерге сапарға шығар алдында ауа райы болжамын бақылап, төтенше жағдайлар үшін қажетті заттарды өзімен бірге алып жүруге кеңес береді.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: