ТЖМ құтқарушылары оттан 4 пәтер мен итті аман алып қалды

14 Қараша, 20:42 321

Бүгін Ақмола облысы Біржан Сал ауданы Степняк қаласында 4 пәтерлі тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бірнеше минут ішінде шақыру орнына келген өрт сөндірушілер өртті сөндіруге кірісті. Өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден ит пен бір газ баллонын алып шықты. Жануар құтқарылғаннан және жарылыс қаупі жойылғаннан кейін өрт сөндірушілер бірден 4 пәтерді өрттен оқшаулап, жануды жойды.

Үйде ит бар екенін білген соң, мен дереу іздеуге кірісіп, оны таза ауаға шығардым. Біз үшін әрбір өмір маңызды ғой!, - деп бөлісті Степняк қаласы 21-ӨСБ бөлімшесінің командирі Азамат Байсымақов.

Зарина Арман
Бөлісу: